Түркістан облысындағы дәрігер 115 млн теңге жымқырған
Түркістан облысы Қазығұрт ауданындағы орталық аурухананың бұрынғы бас дәрігері бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді. Ол медициналық газбен жабдықтау жүйесіне арналған құрылғыларды сатып алу барысында қаржыны талан таражға салғаны анықталды. Күдікті кылмысын іске асыру үшін медициналық жабдықтарды жеткізу саласында тәжірибесі бар танысын тартып, туыстарының атына тіркелген коммерциялық ұйымдарды пайдаланған. Осы компаниялардың атынан коммерциялық ұсыныстар дайындап, қабылдау актілері мен келісімшарттарды рәсімдеген. Ал жабдықты іс жүзінде басқа компания жеткізген. Есепшоттарына қаржы түскеннен кейін күдіктілер қаражатты қолма-қол ақшаға айналдырып, өзара бөліскен.
Ержан Тайжан, ҚР ҚМА ресми өкілі:
Мемлекетке келтірілген жалпы шығын 115 млн теңгені құрады. Қылмыстық жолмен алынған табысқа күдікті елордадан екі бөлмелі пәтер сатып алған, сот санкциясымен бұл мүлікке тыйым салынды. Бұрынғы бас дәрігерге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде кепіл қолданылды, ал оның сыбайласы үйқамақта отыр.
Автор
Айнұр Әбілқасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Әділет» партиясы Алматыдағы жаңа экологиялық бастамаларды қолдады
09.10.2026, 22:15
Әлеуметтік қолдаудың жаңа мүмкіндіктері
09.10.2026, 21:30
Президент Каспий маңы елдерінің ғылыми әлеуетін біріктіруге шақырды
09.10.2026, 20:35
Театр көрермені көбейіп келеді
09.10.2026, 20:25
Қос марапат – ұлттық мәдениетті ұлықтаудың жаңа белесі
09.10.2026, 20:20
Орталық Азиядағы алғашқы кітап оқу марафоны
09.10.2026, 20:19
Әр азамат елдік мәселелерді талқылауға үлес қоса алады
09.10.2026, 20:18
Жамбыл облысындағы Билікөл тартылып барады
09.10.2026, 20:16