Каспий теңізінің проблемасын солтүстікте талқылады
Каспий теңізі деңгейінің төмендеуі мен суының ластануы – өзекті экологиялық проблемалардың бірі. Бұл мәселені шешу – тек Қазақстанның ғана емес, теңіз жағалауында орналасқан барлық мемлекеттердің ортақ міндеті. Бүгін Петропавл қаласындағы Мағжан Жұмабаев атындағы колледж студенттеріне Каспий теңізі жайында қысқа метражды фильм көрсетілді. «Таза Қазақстан» жобасы аясында ұйымдастырылған шараға 80 адам қатысты. Көрсетілімнен кейін жастар әр адам экологиялық мәселелерді шешуге қандай үлес қоса алатыны жайында ойларын ортаға салды.
Жансұр Ералы, студент:
Тазалық әрбір адамнан басталуы қажет. Сонда біздің Қазақстан, біздің еліміз таза болады, экологиясы дамиды. Дәл осы «Таза Қазақстан» атты іс-шаралар өтуі өте жақсы, жастарға және қоршаған ортаға керек.
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16