Атырау облысының ауылдары спорт кешендерімен толық қамтылады
Атырау облысында алдағы екі жылда барлық ауыл спорттық инфрақұрылыммен қамтылады. Қазір
облыс аумағында 30-ға тарта спорт кешенінің құрылысы жүріп жатыр. 16 нысанды келесі жылы тапсыру жоспарланған.
Бұл облыс бойынша теңдесі жоқ Махамбет ауданы Таңдай ауылындағы спорт кешені.
Жалпы аумағы 2000 шаршы метр болатын нысан толықтай заманауи құралдармен
жабдықталған. Бірнеше жаттығу бөлмесі, медициналық кабинет және үлкен жабық
футбол залы бар.
Аслан Дүйсембайұлы, Махабет ауданы БЖСМ директоры:
Спорт кешені талапқа сай салынған. Балаларға барлық жағдай жасалған. Енді үлкен нәтиже күтеміз. Нағыз батырлар ауылдан шығады ғой. Мұнда 400-ге жуық бала спорттың сегіз түрімен айналысады.
Солардың бірі - Таңдай футбол
командасының ойыншысы Қуанышбек Кенжеғалиев. Республикалық
додаларда топ жарып жүрген командада жаттықанына 5 жылдан асқан.
Қуанышбек Кенжеғалиев, Таңдай ауылының тұрғыны:
Ауылымызда кішкентай газон бар. Сонда дайындалатын едік. Оның өзінде погода жақсы болса дайындаламыз. Жаңбыр болса бәрі қалады. Бізге осы фоктың ашылғаны өте жақсы болды.
Өзге аудандарда да осындай спорт кешендері салынып жатыр. Бірақ қаржыландыру
жағынан кідіріс бар. Мәселен Индерде бой көтерген спорт кешенінің
құрылысы басында қарқынды жүргенімен қазір баяулаған. Өйткені қаражат жоқ.
Бауыржан Шаниев, мердігер мекеме өкілі:
Қаражат жағы тоқтап қалып жатқанына байланысты қазір өз қалтамыздан жұмыстанып,
қазір жалғасып жүріп жатыр. Егер ақша уақытылы бөлінсе, онда график бойынша
2026 жылы наурыз айында бітіреміз.
Дарын Ілиясов, Индер ауданы құрылыс бөлімінің басшысы:
Облыстық құрылыс басқармасына бюджеттік өтінім жолданды. Желтоқсан айында болатын сессияда бөлінеді деген болжам бар.
Бұдан бөлек демеушілердің есебінен 4 спорт нысаны салынып жатыр. Олардың
қатарында мамандандырылған волейбол және баскетбол орталықтары, сондай-ақ Мұқыр
және Кудряшов ауылдарындағы спорт кешендері бар.
Нұрсұлтан Нұрсейіт, тілші:
Жалпы облыста осындай Таңдай ауылындағыдай 29 нысанның құрылысы жүріп жатыр. Осылайша алдағы екі жылдықта өңірдегі барлық ауылдар спорттық инфрақұрылыммен толық қамтылмақ.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Футболдан ӘЧ жеребе тарту рәсімі өтеді
05.12.2025, 17:37
Алматыда «Тірек: қыз тағдырының арқауы» атты дата-арт көрме ашылды
05.12.2025, 17:33
Жаңаөзенде «Оразмағамбет» тарихи драмасының премьерасы көрсетілді
05.12.2025, 17:31
Астанада Несіпбек Айтұлын еске алу кеші өтті
05.12.2025, 17:29
Заңгерлердің өкілеті кеңейетін болды
05.12.2025, 17:27
Қостанай облысында түлкінің адамға шапқан 21 дерек тіркелді
05.12.2025, 17:24
Индонезияда лай көшкіні құрбандары 867-ге жетті
05.12.2025, 17:21
Үндістанның «Индиго» әуе компаниясы 500 рейсті доғарды
05.12.2025, 17:18