Ауыл әкімі: Әкімдердің құзіреті артады
Қазақстанда соңғы 5 жылда халық 3 мыңға жуық ауыл әкімін дауыс беру арқылы тікелей сайлады.
Басқару жүйесіндегі рефрмалар әлі де жалғасын табады. Биыл тұңғыш рет ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен ауыл әкімдерінің форумы ұйымдастырылды. Жиында айтылғандай енді жергілікті кәсіпорындардан түскен салықтың бір бөлігі төртінші деңгейлі бюджет қаражатын толықтырады. Бұған дейін ауыл басшылары қаңғыбас иттерді аулау, абаттандыру, мал бағу талаптарын бұзғандарға айыппұл салу сынды тағы басқа өздерінің тікелей міндетіне жаптайтын жұмысты атқарып келген болатын. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл мәселені жуық арада шешуді тапсырды. Алқалы жиында қабылданған жаңашылдықтар ауыл әкімдерінің сайлауалды бағдарламасын сапалы жүзеге асыруға мүмкіндік береді дейді, Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданындағы Виноградовка ауылдық округінің әкімі Фархат Ғаріпов.
Фархат Ғаріпов, Виноградовка ауылдық
округінің әкімі:
Осы форумда әкімдерден өздеріне тиесілі емес міндеттерді алып тастауға тапсырды. Әкімдердің құзіреттілігін арттырып, оларға арнайы техника береді. Сол әкімдердің өздерінің негізгі мәндеттерімен айналысуға елді мекендерді дамытуға мүмкіндік береді деп ойлаймын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы