Еліміздегі 8 облыста жаңа қоқыс полигоны ашылды
«Таза Қазақстан» жобасының жүзеге асырылуын күшейту мақсатында Мониторинг жүргізу жөніндегі орталық құрылады. Бұл жөнінде Премьер-министрдің төрағалығымен өткен кеңесте айтылды. Жауапты мемлекеттік органдар атқарылып жатқан жұмыс туралы ай сайын есеп береді. Акция аясында жыл басынан бері 2,8 млн түп көшет отырғызылып, 1250 экологиялық шара ұйымдастырылды. 6,5 млн адам қатысты. 1 млн гектардан астам аумақ тазыртылып, 800 мың тонна қоқыс жиналған. Биыл ғарыштық мониторинг арқылы 3 833 заңсыз полигон анықталды, олардың 80%-ы жойылды. 165 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жалпы 12,4 млн теңге көлемінде айыппұл салынды. 8 облыста жаңа қоқыс полигоны ашылды. Жиында Президенттің орман қоры аумағында 2 млрд ағаш отырғызу жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру барысы жеке мәселе ретінде қаралды.
Ерлан Нысанбаев, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі:
Мемлекет басшысының 2 млрд ағаш отырғызу тапсырмасын орындау мақсатында әрбір облыс бойынша кешенді жоспарлар жасалды. 2027 жылға дейін ұзартуға байланысты өзгерістер енгізілді. Сол себептен бүгін қарқынды жұмыс әр облыста жүріп жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы