«Amanat» партиясы 4 млн адамды оқытады
«Amanat» партиясы 4 млн қазақстандыққа әлеуметтік әмиянды қолдануды үйретпек. Президент Қазақстанды үш жыл ішінде толық цифрлық мемлекетке айналдыруды стратегиялық міндет ретінде қойды. «Әлеуметтік әмиян» – осы бағыттағы негізгі жобалардың бірі, ол азаматтарға бюрократиялық кедергілерсіз әлеуметтік қолдауды алуға мүмкіндік береді. Бүгінде жүйеде 1,6 млн бала және 2 млн-нан астам ересек адам тіркелген. Мектептерде балалардың асханаға кіруі мен мәзірі турникеттер арқылы бақыланады, ал дәрілік қамтамасыз ету жүйесі цифрландырылып, 81% рецепт тек Әлеуметтік әмиян арқылы беріліп жатыр. Жүйе қаражаттың ашық жұмсалуын қамтамасыз етіп, әлеуметтік қолдаудың тиімділігін арттырмақ.
Тамара Дүйсенова, «Amanat» партиясының саяси менеджмент академиясының
директоры:
Әр квартал сайын рецепті олардың сол әмияндарына келіп түседі, сонымен барып емхананың жанындағы әлеуметтік дәріханалардан алып жатыр. Енді ДСМ жалпы дәріханалардың азаматтарға қолжетімді болуы үшін осы әлеуметтік әмияндағы рецептпен есігінің алдындағы, коммерциялық дәріханалардан да алу мүмкіндігін пилотты жүргізіп жатыр. Олай болатын болса кейінгі жылдары азаматтар сол әлеуметтік әмияндағы рецептен үйінің, мектебінің, жұмысының жанындағы дәріханалардан дәрі алу мүмкіндігі болады.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16