Субсидия – салаға демеу
Биыл Қазақстанда ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерге 434 млрд теңгеге жуық субсидия бөлінді. Егін шаруашылығы саласына басымдық беріліп отыр. Дәнді дақылдар өндірісі бойынша Солтүстік Қазақстан облысы ел көлемінде үшінші орында. Биыл өңір шаруалары 60 млрд теңгеден астам демеуқаржы алды.
Ғаббас Жантаев, шаруа:
Бөлінген субсидияларға келе жатқан науқанға немесе келе жатқан көктемгі егістікке, техника дайындауға көмегі бар. Өйткені уақытында жанармай, қосалқы бөлшектер, техникалар аламыз.
Биыл үкімет Солтүстік Қазақстан облысына қосымша 15,4 млрд теңге бөлген. Қаржының 98 пайызы игерілді. Мамандардың айтуынша, жалпы сомасы 57 млрд теңге болатын 16 мың өтініш қанағаттандырылған, әзірге төлем жасалған жоқ.
Асхат Рамазанов, Ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:
Мал шаруашылығын дамытуға 10,4 млрд теңге бөлінді. Қалған сома ауыл шаруашылығының басқа да бағыттарына жұмсалды. 16 мың өтініш бойынша қаржының түсуіне қарай төленеді. Бұл жұмыс келер жылы да жалғасады. Субсидия мен жеңілдетілген несие салаға мемлекет тарапынан жасалып отырған үлкен қолдау.
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04