Басты Жаңалықтар E-Qyzmet халықаралық платформада жарияланды

E-Qyzmet халықаралық платформада жарияланды

Қазақстанның мемлекеттік сектордағы кадрлық процестерді цифрландыру жетістіктері халықаралық деңгейде мойындалды. OPSI платформасы Қазақстанның e-Qyzmet персоналды басқару ақпараттық жүйесін енгізу бойынша сараптамалық материал жариялады. OPSI – Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының мемлекеттік сектордағы инновациялар жөніндегі жаһандық платформасы, онда түрлі елдердің реформалары мен цифрлық шешімдері жинақталады және талданады. Қазақстандық бастамалардың платформада жариялануы елдің ашық, инновациялық және мемлекеттік басқарудың сапасын арттыруға бағытталған мемлекет ретіндегі имиджін күшейтеді. Айта кету керек e-Qyzmet жүйесі – мемлекеттік басқаруды цифрлық жаңғыртудың негізгі элементі және ұлттық кадр саясатын іске асырудың маңызды құралы. Жүйе HR-процестерді толық автоматтандырып, кадрлық деректерді орталықтандырады. Бюрократиялық кедергілерді жойып, субъективті шешімдер қабылдау тәуекелін барынша азайтады.

Бөлісу