Басты Жаңалықтар Елімізде тұрғын үй көмегін беру ережелерін жаңарды

Елімізде тұрғын үй көмегін беру ережелерін жаңарды

Мемлекет тұрғын үй көмегін тағайындау ережелерін жаңартты – енді процесс толық ашық, ал өтініш беру онлайн форматта қолжетімді.

Тұрғын үй көмегі – табысы төмен азаматтарға коммуналдық қызметтер мен мемлекеттік тұрғын үйді жалға алу шығындарының бір бөлігін өтеуге арналған мемлекеттік қолдау. Негізгі өзгерістер мен шарттарға тоқталып өтсек, өтініштер eGov.kz порталы арқылы немесе Халыққа қызмет көрсету орталықтарында қабылданады. Барлық деректер мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері арқылы автоматты тексеріледі. Өтінішті тіркеу үшін отбасының кәмелетке толған мүшелерінің келісімі қажет. Көмек бір тұрғын үй-жайға ғана беріледі және коммуналдық қызметтерді нормативтен тыс тұтынуды жаппайды. Сондай-ақ табысты жасырған жағдайда төлем тоқтатылады және кері өндіріліп алынады. Көмек, егер отбасының тұрғын үйге және коммуналдық қызметтерге жұмсайтын шығыны табысының 5–10%-нан асып кетсе тағайындалады. Өтелетін шығындар қатарында: коммуналдық қызметтер, тұрғын үйді және аула аумағын күтіп-ұстау, күрделі жөндеу,  байланыс қызметтері және мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға алынған баспана үшін жалдау ақысы бар.


Бөлісу