Петропавлда жол апаты көбейді
Соңғы екі жылда Солтүстік Қазақстан облысында жол апаты мен өлім-жітім көбейген.
Өңірде жыл басынан бері 500-ге жуық апат тіркеліп, 45 жолаушы көз жұмды. Ал былтыр 400-ден астам жол көлік оқиғасы тіркелді. 37 адам қайтыс болды. Жағымсыз статистиканы азайту мақсатында тәртіп сақшылары республикалық трассаларда көліктерді тоқтатып, жүргізушілермен әңгімелесті. Жылдамдықты асырмау, қауіпсіздік белдігін тағу сынды тағы басқа қарапайым жол ережелерін сақтау қажеттігін ескертті. Алдын-алу шарасы «Заң мен тәртіп» жобасы аясында ұйымдастырылды. Мамандардың айтуынша, ішімдікке тойып алып көлік тізгіндейтіндер де азаймай тұр.
Айдын Қабдұлдинов, СҚО Полиция департаментінің бастығы:
Ең басты қателіктері, жіберілетін себептері жол-көлік оқиғаларының, ол жылдамдықты асыру. Қарама-қарсы жолаққа шығу. Жаяу жүргіншілерді қағу және жолаушыларды тасымалдау қағидаларын өрескел бұзады.
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16