Криминалист полиция қызметкерлерінің бір күні
Жыл сайын Қазақстанда 100 мыңнан астам қылмыстық іс тіркеледі. Оның үштен бірі ауыр санатқа жатады. Заң бұзу дерегінің ашылуы – криминалистердің жұмысына тікелей байланысты. Бұл салада еңбек ету үшін ұзақ жылғы тәжірибе ғана емес, терең білім керек. Дерек пен дәйекті жинақтап, сараптай алу маңызды. Ұлттық арна тілшісі Эльмира Кәленова бір күнге микрофонын погонға ауыстырды.
Қала сыртында адам өлімі тіркелді. Криминалистерге оқиға орнына жылдам жету маңызды. Себебі айғақтар әр минут сайын көмескілене беруі мүмкін.
Алдымен оқиға орны қоршалады. Алдын ала мәлімет бойынша 50 жастағы адам көз жұмған. Бұл жерде әр деталь маңызды. Себебі кез келген айғақ қылмыстың ашылуына көмектесуі мүмкін.
Ниязбек Қожахметов, СҚО Полиция департаментінің аға криминалисі:
Айғақ заттардың қай жерде жатқандығын және локациясын белгілейміз.Атыс қаруы табылды. Камарасында патрон бар. Бұл патронды қауіпсіздік бойынша алу керекпіз. Револьверді ұстаған кезде көрінбейтін қол іздері өшіріліп қалмауы үшін абайлап алу қажет.
Мәселен мынау – криминалист қобдишасы. Ішінен керек заттардың барлығын табуға болады. Магнитті ұнтақ айғақтарда қалған адам саусақтарының іздерін анықтауға мүмкіндік береді. Алынған материал ары қарай зерттеуге жіберіледі.
Бұл криминалистикалық балистика зертханасы. Алынған айғақтардың барлығы осы жерде жинақталып, сарапталады. Ал мынау оқиға орнынан табылған оқ пен гильзалар. Оны арнайы техниканың көмегімен сканерлеп, ортақ ақпараттық базаға енгіземіз.
Асылан Молдабеков, СҚО Полиция департаментінің криминалисі:
Тегі ұңғылы ма, ойық ұңғылы ма екенін, қандай колибрлі, маркалы, моделі, қай жылы шығарылғанын анықтаймыз. Келіп түскен қаруды зерттегесін іс-шараларды өткізіп, маман қорытындысын дайындаймыз.
Бұл қылмыстық іс түсірілім жасау үшін арнайы ұйымдастырылған эпизод болатын. Криминалистердің шынайы өмірдегі жұмысы да осындай.
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16