Ауыл әкімдерінің жұмысы бағаланады
Шалғай ауылдардағы өзекті мәселелер республикалық деңгейде талқыланбақ. Ертең Астанада ауыл әкімдерінің форумы өтеді. Министрлер, депутаттар және түрлі ұйымдардың өкілдері қатысатын жиында елді мекендердің даму жағдайы талданып, халық тікелей сайлаған шамамен 3 мың ауыл әкімінің жұмысы бағаланбақ. Жалпы, бұл реформа оң нәтиже берді ме? Тілшіміз Нұрсұлтан Тілектес біліп көрді.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Соңғы 5 жылда халық 3 мыңға жуық ауыл әкімін тікелей сайлады. Бұл реформа өзінің оң нәтижесін берді дейді, депутаттар. Көптеген елді мекенде су, жарық, жылу және жол мәселелері шешіліп, квазимемлекеттік ұйымдардың меншігіндегі пайдаланылмай жатқан нысандар халық игіліне берілген. Дегенмен атқарылатын шаруа көп, түйіні тарамаған түйткілдер де аз емес. Ертең Астанада өтетін форумда ауыл әкімдерінің базынасы тыңдалады.
Ерлан Саиров, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
Аудандық, ауылдық деңгейдегі бүкіл шешілмей тұрған мәселелердің барлығын Үкімет мүшелерімен бірге талқылап, бірге шешім жасайтын жер. Бұл менің ойымша өте ұтымды алаң болад. Екінші мәселе – сол жергілікті жерде осы әкімдер мәселені тыңғылықты шешу үшін Үкімет қандай шешімдер қабылдауы керек, депутаттар қандай өзгерістер енгізуі керек, жергілікті әкімдер бетпе-бет сол жерде айтып бере алады.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Халық тікелей сайлаған әкімдердің 60 пайыздан астамы – мемлекеттік қызметке жаңадан келгендер. Сондықтан олар Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында оқытылып, біліктілігін арттырған.
Бибігүл Ағыбаева, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің жанындағы қоғамдық кеңес төрайымы:
221 адам оқудан өтті. Олар біраз салалардан оқу дәрістерін алды, біліктілігін алды. Заманауи құралдарды қабылдады. Жалпы, 17 модульден өткен адамдар.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Бір сөзбен айтқанда, ауыл әкімдері құқықтық, заң және ел басқару ісіндегі білімдерін жетілдірген. Тіпті жасанды интеллектіні меңгерген. Ендігі сұрақ, мемлекет пен тұрғындардың қолдауына ие болған атқа мінерлер өз жұмысын қаншалықты жақсы атқарып жүр? Ертең елордада өтетін республикалық форумда олардың бұйымтайлары тыңдалып қана қоймай, жұмысы да бағаланбақ.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16