Басты Жаңалықтар Балшықтан қуыршақ жасайды

Балшықтан қуыршақ жасайды

Петропавл тұрғыны полимерлік балшықтан қуыршақтың алуан түрін жасайды. Екатерина Крутевич биыл қаңтар айында жылдар бойы жұмыс істеген жиһаз цехын тастап, өз шеберханасын ашқан. Қуыршақ жасауды түрлі курстарға қатысып, интернет желісі арқылы үйренгенін айтады. Әр бұйымды істеу үшін сапалы шикізат, ұшқыр қиял мен шыдамдылық керек, дейді шебер. Ол әсіресе түрлі ертегі кейіпкерлерінің бейнесін жасағанды жақсы көреді.  Қажетті заттарды интернет дүкендер арқылы тапсырыс береді. Тек қуыршақ әзірлеп қана қоймай киім-кешегін тігіп, түрлі аксессуарларын әзірлейді. Бетін әрлеп, шашын қияды. Бір композицияны жасап шығару үшін 2-4 апта уақыт жұмсайды. Шебер болашақта қуыршақтар коллекциясын көбейтіп, көрмелерге қатысуды армандайды.

Екатерина Крутевич, шебер:

Аттың жүгені мен ер таза былғарыдан жасалған. Сонымен қатар киіміне құндыз терісін пайдаландым. Аттың мүсіні үлкен. Балшықты кептіретін пешке сыймады. Сосын оны екі бөлік етіп жасап, кейін қостым. Бұған дейін тек адам кейпіндегі қуыршақтарды жасайтынмын. Аттың пропорциясын сақтау қиын болды. Алдымен макет жасап алдым.


Бөлісу