Басты Жаңалықтар Биыл Жамбыл облысында көлік апатынан 141 адам қайтыс болған

Биыл Жамбыл облысында көлік апатынан 141 адам қайтыс болған

Жамбыл облысында былтыр жол апатынан 185 адам ажал құшса, биыл 141 азамат опат болған. Өңірдің бас полицейі өзі бастап, тас жолдағы тәртіпті қадағалады. Қызметкерлердің құрылғыларын қарап, көлігіне дейін көз жүгіртіп шықты. Жаңа алынған жабдықтардың ұтқырлығын байқады. Генералдың сөзінше, апаттың басым бөлігі түн ортасы мен таңға жуық болады. Айта кетейік, енді аймақта автобустар мен жедел-жәрдем көліктеріне айыппұл жазатын камералар орнатылмақ.

Қайсар Сұлтанбаев, облыстық Полиция департаментінің бастығы:

Автокөліктерге орналастырылған құрылғылар жол ережесін бұзу фактілерін 2-3 есе көп тіркеп жатқандығы бәрімізге белгілі. Бұл жердегі мәселе барлығына айыпұл салып, бәріне хаттама толтыру емес. Біз бүгін «Заң мен тәртіп» қағидасы шеңберінде жалпы халықтың осы жол үстінде жол ережесін сақтасын деген мақсатта жұмыстарды атқарудамыз.

Бүгінде облыстағы «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автодәлізі бойына қашықтықтан бақылайтын дрон да жұмылдырылған. Пилотсыз басқарылатын құрылғы автобан бойын 15 шақырымға дейін бақылап, әуеде 40 минут ұша алады. Ал жыл басынан бері дрон көмегімен 400-ден астам көлік жүргізушісінің қарсы бетке шығып кеткені анықталған.


Бөлісу