Бельгияда Теміржолшылар 72 сағаттық ереуіл жариялады
Бельгияда теміржолшылар 72 сағаттық ереуіл жариялады. Кондуктор, машинистердің жұмысқа шықпай қалуының кесірінен халық жолдарынан қалды. Қалаларалық және халықаралық бағытта қатынайтын пойыздардың үштен бірі тоқтады. Наразылық акциясына жолаушылар тасымалдаумен айналысатын компания өкілдері де қосылып, үш күн бойы ел бойынша қоғамдық көлік қатынасы қиындайды. Мұғалімдер, дәрігерлер алдағы екі күнде жұмыс істеуден бас тартқандықтан, мектептерде сабақ болмай, жоспарлы операциялар кейінге шегерілген. Мемлекеттік қызметкерлер үкіметтен әлеуметтік теңсіздікті жойып, байларға салықты көбейтуді талап етуде. Қатаң үнемдеу шараларына қарсы Бельгиядағы үш ірі кәсіподақ ұйымы сәрсенбіде жалпыұлттық шеру ұйымдастырмақ.
Автор
Нұрсұлу Қасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17
Соңғы 7 жылда 36 мың шақырымнан аса жол салынған
21.10.2026, 20:16