Шымкентте колледж студенттері арасында спартакиада басталды
Шымкентте колледж студенттері арасында «Чемпиондар» атты республикалық спартакиада басталды. Додаға еліміздің 13 облысы мен 2 қаласынан келген командалар қатысуда. Жалпы 44 колледжден мыңға жуық студент өзара мықтыны анықтайды. Олар футбол, волейбол, жеңіл атлетика, шахмат, үстел теннисі және тоғызқұмалақ бойынша сынға түседі. Бес күнге созылатын бұл спартакиада жастар арасында бұқаралық спортты дамытып, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталған.
Ермек Дәрменов, қалалық Дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары:
Шымкент қаласында бастау алып, тұсаукесері болып жатыр. Жалпы осындай ісшаралар ұйымдастырыла берсе болашақта студенттер арасындағы осы колледж мамандарының спортқа, оның ішіндегі жұмысшы мамандарын баулуға ықпал етерінекәміл сенемін.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Күзгі Kaspi жұма мерекесі басталады
04.11.2026, 20:30
2033 жылға дейін 10 Амур жолбарысы жіберіледі
04.11.2026, 20:26
Түрікменстанмен байланыстыратын күре жол жөнделіп жатыр
04.11.2026, 20:22
Жастар жолдауды талқылады
04.11.2026, 20:21
Жерасты суларының әлеуеті әлі де толық пайдаланылмай келеді
04.11.2026, 20:20
Теміртауда жаңа өндірістік желі іске қосылмақ
04.11.2026, 20:20
Жезқазғанда онкологиялық орталық салынады
04.11.2026, 20:18
Таразда сурдопедагог 25 жылдан бері ерекше балаларға білім береді
04.11.2026, 20:16