200 мыңнан астам үй өртке салғырт қараған
Түркістан облысында 200 мыңнан астам үйде өрт қауіпсіздігі сақталмаған. Алғабас ауылындағы өрттен кейін өңірде жаппай тексеріс жүргізген мамандар заң талаптарының өрескел бұзылғанын анықтады. Тек Түркістан қаласының өзінде 2800-ге жуық абонент газ пайдалану ережелерін сақтамаған. Бірінің мұржасы талапқа сай емес, енді бірінде дабыл қаққыш мүлде орнатылмаған. Жылу жүйесіне салғырт қарайтындар да жоқ емес. Рейд барысында газ қондырғыларын дұрыс орнатпаған, мұржалары бітеліп қалған үйлер де кездескен. Инспекция өкілдері ескерту жасап, талаптар сақталмаса, газ беруді тоқтатуға мәжбүр екендерін жеткізді.
Нұрболат Кенжебавев, Түркістан қалалық төтенше жағдайлар басқармасы бастығының
орынбасары:
Анықталған фактілер бойынша ескертпе қағаздары берілуде. Егер де сол ескертпе қағаздарға мән бермей немесе қайтадан сол фактілер қайталанса, осы жергілікті атқарушы орган газ инспекциясымен бірге 306 бап әкімшілік құқық бұзушылық бойынша айыппұл төлеуге міндеттеледі.
Автор
Айнұр Әбілқасым
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Ақиқат» Ұлттық қоғамдық-саяси журналына 105 жыл
22.09.2026, 17:35
Түркістанда Оксфорд студенттері қазақша үйреніп жүр
22.09.2026, 17:30
Ел жаңалықтарына шолу
22.09.2026, 17:27
Биыл Жамбыл облысында 50 мың ағаш еккен
22.09.2026, 17:22
БҚО Шабдаржап ауылында су мәселесі шешілмей тұр
22.09.2026, 17:20
Түркістан облысының алыс ауылдарына да асфальт төселуде
22.09.2026, 17:17
Бүгін БҰҰ Бас Ассамблеясының 81 сессиясы ашылады
22.09.2026, 17:15
Түркияда мектепте атыс болды
22.09.2026, 17:12