Щучинск қаласында көпфункционалды спорт кешені ашылды
Ақмола облысының Щучинск қаласында көпфункционалды спорт кешені ашылды. Онда 500-ге тарта адам күрестің бірнеше түрімен, бокс, үстел теннисі, суға жүзумен айналыса алады. Сондай-ақ, футбол, волейбол және баскетбол залдары бар. Жалпы жыл басынан өңірде 7 спорт нысаны пайдалануға берілді, 31 спорт алаңы салынды. Оның сыртында 5 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынып жатыр, 4-еуі жыл соңына дейін тапсырылады. Ал курортты қалашықтағы алғашқы спорт сарайының салынғанына әсіресе балалар қуанышты. Себебі, осыған дейін олар жеке спорт залдарында жаттығып келген.
Әнел Шоқаева, еркін күрестен республикалық жастар ойындарының жеңімпазы:
Біздің кезде ондай болған жоқ. Қазіргі таңда салынып жатыр. Өте керемет, әсем , ішінде бассейні бар.Бұрын болмаған спорттарды да салып жатыр. Водный поло дейтін, жүзу, дзюдо, грек-рим, бізде ондай спорттар болмаған, сондай олимпийский спорттарды енгізіп жатыр. Осындай спорт кешенінде тренировка жасағаннан үлкен жетістіктерге жетеміз деп ойлаймыз.
Автор
Бибінұр Әмірханқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Дауыл салдары: Көлік шығынын кім өтейді?
17.06.2026, 20:18
Орманды өрттен сақтау– ортақ міндет
17.06.2026, 20:16
«Балаларды қауіптен сақтаңыз!» акциясы басталды
17.06.2026, 20:16
Елімізде судағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді
17.06.2026, 20:14
АҚШ пен Иран атысты тоқтату туралы келісімге ресми түрде қол қояды
17.06.2026, 20:13
Әлем жаңалықтарына шолу
17.06.2026, 20:12
Мемлекеттік грантты өтемегендерге қатысты 247 іс сотта қаралып жатыр
17.06.2026, 20:12
Өңірде ауыл шаруашылығы өнімін өңдейтін бірнеше өндіріс орны бар
17.06.2026, 20:10