Басты Жаңалықтар СҚО-да кәсіпкерлік саласын дамытуға 9,6 млрд теңге бөлінді

СҚО-да кәсіпкерлік саласын дамытуға 9,6 млрд теңге бөлінді

Солтүстік Қазақстан облысындағы Qyzyljar арнайы экономикалық аймағына қайтарылған активтер есебінен 9 млрд 600 млн теңге бөлінді. Бұл Мемлекет басшысының өңірлердің экономикалық әлеуетін нығайту және ірі инфрақұрылымдық жобалар құру жөніндегі тапсырмаларын орындау шеңберінде жүзеге асырылып отыр. Qyzyljar арнайы экономикалық аймағында 20-дан астам нысан тіркелген, жалпы инвестиция көлемі – 317 млрд теңге. Мұнда болашақта 4 мыңға жуық тұрақты жұмыс орны ашылмақ. Жалпы құны 28 млрд теңгеден асатын 5 жоба қазірдің өзінде іске қосылды. Бұл кәсіпорындарда 700-ге жуық жаңа жұмыс орны ашылды.

Бөлінген қаражат есебінен жаңа инфрақұрылым мен инженерлік коммуникациялар салу жоспарланған. Бүгінде сумен жабдықтау кәріз жүйесін тарту жұмыстары аяқталды. №3 қосалқы аймаққа арналған теміржол желілерінің құрылысы басталды. Жаңа өндіріс орындарын іске қосу Солтүстік Қазақстан облысының одан әрі әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал етіп, өңірдің өнеркәсіптік әлеуеті мен инвестициялық тартымдылығын арттырады.


Бөлісу