Басты Жаңалықтар Мәскеу сапары: Президенттер қандай келісімге келді?

Мәскеу сапары: Президенттер қандай келісімге келді?

Мемлекетіміздің басшысы мен Ресейдің басшысы «Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы мемлекетаралық қарым-қатынасын жан-жақты стратегиялық серіктестік және одақтастық деңгейіне дейін жеткізу жөніндегі декларация» деп аталатын құжатқа қол қойды.

Мәскеу сапарын тұжырымдаған баспасөз мәслихатында Ресей басшысы: «Саясат, қауіпсіздік, сауда-инвестициялық, мәдени-гуманитарлық салаларда ұзақ мерзімді перспективадағы бірлескен жұмыстың нақты бағыттарын бекіттік», – деді.

Детальдарға келсек, мысалы, «Росатом» корпорациясының еліміздегі тұңғыш атом электр станциясын салатыны, олардың жоғары білім ордаларының филиалдары көбейетіні, ал біздің Ресейді Транскаспий халықаралық көлік дәлізіне бұрып, біз арқылы тауар тасуға икемдеуіміз.

Ресей Қазақстанға екі аталық және екі аналық – 4 амур жолбарысын өтеусіз береді. Олар «Іле-Балқаш» мемлекеттік табиғи резерватына жеткізіледі. Бұл дүниежүзілік жабайы табиғат қоры және БҰҰ Даму бағдарламасының қолдауымен жүзеге асады.

АҚШ пен Канада арасындағы шекара дүниедегі ең ұзын шекара. Бірақ үздіксіз емес. Аляска бөлек түбекте жатыр. Сонда құрлықтағы ең ұзын шекара Қазақстан мен Ресей арасы. 7 мың шақырымнан асады. Еліміздің 8 облысы Ресейдің 12 аймағымен шекаралас.


Бөлісу