Басты Жаңалықтар СҚО-да қаз атаулының бәрі қырылып жатыр

СҚО-да қаз атаулының бәрі қырылып жатыр

Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданындағы Шахавское ауылында үй құстары қырылып жатыр. Мамандар сынама алып, зертханаға жолдаған. Әзірге нәтижесі белгісіз.

Эльмира Кәленова, тілші:

Тұрғындардың айтуынша инфекция жұқтырған құс алдымен көру қабілетінен айырылады. Содан кейін бір жерде айнала береді. Аурудың күшті болғаны сонша, небәрі 1,5-2 сағатта өліп қалады.


-         Со вчерашнего дня собираем трупы, гуси дохнут, уже проядка 2 тыс гусей пало...

Еркебұлан мен Әдемі 12 жылдан бері қаз шаруашылығымен айналысып жүр. Биыл көктемде 7 мың бас балапан сатып алған. Жаз бойы асырап-баққан қаздары бірінен соң бірі қырылып жатыр.

Әдемі Қалмұрзинова, ауыл тұрғыны:

50 млн теңгеге жақын қаражат жұмсадық. Оның бір бөлігі өз ақшамыз, қалғанын несиеге алдық. 7 мың бас балапан, дәрі-дәрмек, дәрумен, жем-шөп сатып алдық. Ауылдағы құс атаулының барлығы қырылып жатыр.

Жанат Ғаббасов та өлген қаздарын санап жүр. Мал дәрігерлерінің кеңесімен құсты емдемек болған. Алайда инфекция дес бермей тұр, дейді ауыл тұрғыны.

Жанат Ғаббасов, ауыл тұрғыны:

Дәрі-дәрмек бердік, ештеңе көмектеспейді. 890 қаз болған. Бұның барлығы тоже кредитке, қарызға алған нәрсе. Қалған қаздар аман қалатынына енді үміт жоқ. Бәрі мінекей қырылып, өліп жатыр, өліп жатыр. Міне, өліп жатыр, мінеки.

Елді мекенде 300-ге жуық үй бар. Тұрғындардың дені құс асырайды. Өткен айдағы дерек бойынша ауылда 37 мың бас қаз болған.

Ербол Багенов, Қызылжар аудандық ветеринарлық станция директоры:

Құс тұмауына қарсы, содан кейін пастеррелез ауруына қарсы, құстың аурының бәріне жібердік, тексеруге. Құстарды жаңағыдай ауладан алыс шығаруға болмайды. Біз оны айтып жатырмыз, барлығына. Өлген құстарды жаңағыдай утилизация жасау жағын қарастырып жатырмыз.

Қанша үй құсы қырылғаны белгісіз. Мамандар шығынды есептеу үшін арнайы комиссия құрылатынын жеткізді.


Бөлісу