Басты Жаңалықтар Туристік индустриялық аймақ құрылады

Туристік индустриялық аймақ құрылады

Енді Қарағанды облысында туризм саласы қарқынды дамиды. Облыс әкімдігі әуежайларды қайта жаңғыртып, туристік индустриялық аймақ салуды жоспарлап отыр. Дәлірек айтсақ, Қарағанды аэропорты жүк терминалы ретінде қайта жаңғырады. Ал Балқаш әуежайын жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын. Бұл жоба әуежайдың өткізу қабілетін сағатына 80 жолаушыға дейін арттырып, Балқаштан ұшатын әуе бағыттарының географиясын кеңейтуге мүмкіндік береді, - дейді облыс әкімі. Балқашта инвесторларға шипажай мен қонақүй салу үшін екі жер телімі де берілді. Туристік индустриялық аймақ құру жұмыстары басталды. Автожол төселіп, электр және су жүйелері тартылған. Сондай-ақ Қарқаралыдағы «Бұғылы» демалыс аймағы даму үстінде. Қазір онда инженерлік желілер тарту жұмыстары да жүргізіліп жатыр. Инвесторларға қонақүй және демалыс аймақтарын салу үшін 75 гектар жер ұсынылады. Айта кету керек, соңғы жарты жылда өңірге 200 мың турист келген. Салаға 19 млрд теңге инвестиция тартылған. Бұл көрсеткіш жыл соңына дейін 23 млрд теңге болады деген жоспар бар.


Бөлісу