СҚО-да 10 мың бас малға екпе салынды деп өтірік есеп берген
Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданында 10 мың бас малға екпе салынды деп жалған есеп берген.
Бұл дерек прокурорлар жүргізген тексеріс барысында анықталды. Сонымен қатар мал қорымдары талапқа сай болмай шыққан. Ал Айыртау, Ғабит Мүсірепов және Шал ақын аудандарында ветеринарлар кәсіпкерлердің тиісті құжаттары болмағанына қарамастан ет пен балық тасымалдауға рұқсат ететін анықтама қағазын жасаған. Қызылжар аудандық ветеринарлық қызметі де мал өнімдеріне тиісті сараптама жасамай тұрғындарға 30 анықтама берген.
Ғазиз Сауқомбеков, прокурор:
Тексеріс нәтижесі бойынша 15 лауазымды тұлға жауапқа тартылды. Олар шығынды қайтаруға міндеттеліп отыр. Ветеринарлық заңнаманың орындалуын облыстық прокуратура жіті бақылайды.
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16