Басты Жаңалықтар Түркістан түрмесінде бүлік шығарғандар тағы сотталды

Түркістан түрмесінде бүлік шығарғандар тағы сотталды

Түркістан облысындағы түзеу мекемесінде бүлік шығарған 13 сотталушыға қайта сот үкімі шықты. Бес ай бойы істі қараған судья олардың әрқайсысына тағы 9 жылдан жаза тағайындады.

Естеріңізге сала кетсек, Леңгір қаласындағы №55 түзеу мекемесінде тәртіп бұзғандар ондағы 88 бейнекамераны сындырған. Ескі киім мен матрастарды өртеп, электр желілерін зақымдаған. Сот отырысында бүлікшілердің түрме қызметкерлеріне қарсы шыққаны, мүлікті бүлдіргені және заң талабына бағынбағаны толықтай дәлелденді. Алайда жазасын өтеушілердің қорғаушысы мен ата-аналары сот үкімімен келіспеді. Олар апелляциялық шағым түсірді.


Бөлісу