Қазақстанда John Deere а/ш техникасының 3 мыңы құрастырылатын болды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев John Deere компаниясының ТМД және Орталық Азия елдері бойынша президенті Чабо Лейкомен де кездесті. Мемлекет басшысы John Deere компаниясының Қазақстанның «Агромаш» зауытымен серіктестік орната отырып, агроөнеркәсіп кешеніне арналған техника өндірісінің локализациясы туралы қабылдаған шешімін қолдады.
Бұл ынтымақтастық қазірдің өзінде оң нәтиже беріп отыр. Өндіріс іске қосылған биылғы мамыр айынан бері 290-нан астам техника құрастырылған. Жыл соңына дейін тағы 100 техника шығарылады деп жоспарлануда. Қасым-Жомарт Тоқаев сапар аясында жалпы құны 2,5 миллиард долларға бағаланған Стратегиялық серіктестік туралы келісімге қол қойылғанын құптады. Құжат бойынша «АгромашХолдинг KZ» компаниясы 5 жыл ішінде кем дегенде 3 мың John Deere ауыл шаруашылығы техникаларын өндіруді, кемінде 3 сервис орталығын ашуды, сондай-ақ мамандарды оқыту жүйесін дамытуды қарастырады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы