Басты Жаңалықтар ШҚО-да 32 ауыл оңтайлануы мүмкін

ШҚО-да 32 ауыл оңтайлануы мүмкін

Шығыс Қазақстан облысында соңғы 5 жылда 10 ауыл таратылған. Ал алдағы 1-2 жылда тағы 32 елді мекен оңтайлануы мүмкін. Олардың көбі аудан орталықтарынан алыс инфрақұрылымы нашар ауылдар. Қазіргі қолданыстағы әкімшілік-аумақтық құрылым туралы заңға сәйкес, егер ауыл халқының саны үш жыл қатарынан 50 адамнан аспаса, ол елдімекен мәртебесінен айырылуы мүмкін. Бірақ бірден тіршілігін тоқтатпайды. Ауылды тарату жөнінде жергілікті қауымдастықтың міндетті түрде ашық жиыны өткізіліп, тұрғындардың пікірі ескеріледі. Халықтың саны нақтыланып, болашағы бұлыңғыр екені дәлелденсе, ауылды тарату жөнінде округ әкімі аудан басшылығына ұсыныс береді. Жалпы шығыста 105 ауылдық округ және 351 ауыл мен кент бар. Ал болашағы бұлыңғы ауылдардың көбі Шемонайха, Алтай, Күршім аудандарында. Соңғы жылдары бұл аудандарға оңтүстік облыстардан мемлекеттік бағдарламамен отбасыларды көшіріп әкелгенмен нәтижесін бермей тұр.

Альбина Уақбаева, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бөлім басшысы:
Бұл жерде ауылды оңтайландыру – ауылды жою деген сөз емес. Оның халқы ешқайда көшірілмейді. Сол қалпы баяғыдай өмір сүре береді. Ауылдың шекарасы өзгертіліп, жақын маңдағы ауылдың құрамына енгізіледі.


Бөлісу