СҚО-да дауылды ескерту жарияланды
Еліміздің солтүстік өңірлерінде тұман түсіп, көктайғақ болуы ықтимал. Төтенше жағдай қызметі дауылды ескерту жариялады. Қазір біздің өңірдегі тілішлеріміз байланысқа қосылуға әзір.
Эльмира Кәленова, тілші:
Солтүстік Қазақстан облысында кеше түнде жауған қар бүгін жаңбырға ұласты. Кешке сынап бағанасы төмендей бастады. «Қазгидромет» болжамынша алдағы күндері де жаңбыр жауып, желдің екпіні секундына 25 метрге дейін жетуі мүмкін. Соңғы үш күнде облыста 3 жол апаты тіркеліп, 3 адам зардап шекті. Талапқа сай, 1 желтоқсаннан бастап жазғы дөңгелекпен жүрген көлік иелеріне айыппұл салынады. Ал полиция қызметі тұрғындарға көлік дөңгелегін осы бастан ауыстыруға кеңес беріп отыр. Сондай-ақ соңғы үш күнде көктайғақтың кесірінен мертігіп, жарақат алған 200-ден астам тұрғын дәрігерге жүгінген. Сондай-ақ соңғы үш күнде көктайғақтың кесірінен мертігіп, жарақат алған 200-ден астам тұрғын дәрігерге жүгінген.
Ақмола облысында да ауа райы күрт нашарлады.
Қалааралық жолда көлік жылдамдығына шектеу қойылды
Бибінұр Әмірханқызы, тілші:
Ақмола облысы бойынша синоптиктер ертең қарлы-жаңбыр жауады деп болжап отыр. Қазірдің өзінде жел көтеріліп, жаяу бұрқасын болып тұр. Желдің екпіні кей жерлерде секундына шамамен 25 метрге дейін жетті. Сондықтан патрульдік полиция әлі де күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Әзірге барлық бағытта жол ашық. Десе де, Астана-Көкшетау-Петропавл және Астана-Қарағанды-Алматы бағытындағы республикалық маңызы бар жолдарда көліктердің жылдамдығына шектеу қойылды. Таңғы сағат 10-ға дейін жылдамдықты 80-нен сырмау керек. Көктайғақ салдарынан көліктері сынып, жолда қалғандар да бар. Полиция рейстік сапарға шыққан шетелдік азаматтарға көмек көрсеткен. Бүгін сондай-ақ құтқарушылар автобус бұзылып, далада қалған 35 өзбекстандық азаматты эвакуациялады. Барлығы Щучинскідегі теміржол вокзалына жеткізілді.
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Психолог: Баланың интернетке тәуелділігін ерте анықтаған абзал
21.07.2026, 20:29
Құрылтай сайлауы – жаңа саяси кезең
21.07.2026, 20:27
Әскери оқу орындарына түсуді қалайтын жастар саны артып келеді
21.07.2026, 20:25
Әлеуметтанушы: Той өткізу мәдениетіне өзгеріс керек
21.07.2026, 20:19
Абай облысында қайтарылған активтер есебінен 27 нысан салынып жатыр
21.07.2026, 20:18
Ұлт ғылымының ұлы тұлғасы
21.07.2026, 20:17
Әскер туралы жалған ақпарат таратқан азамат сотталды
21.07.2026, 20:14
Телемедицина жүйесін дамыту жұмыстары жалғасып жатыр
21.07.2026, 20:11