Финляндия «Бурабай» курорттық аймағында туризмді дамытуға көмектеседі
«Қазақстан энергетикалық әріптес және Ресейдің көршісі ретінде Еуропа үшін маңызды рөл ойнайды», - деді Финляндия Президенті Александр Стубб біздің елімізге сапары барысында. Дәлірегі - «Қазинформ» агенттігіне берген сұхбатында.
«Еуропа Ресейдің сығымдалған газ, мұнай сияқты энергетикалық ресурстарынан жайлап бас тарта бастағанда, балама жолдарға сұраныс артады. Осы контексте Қазақстан басты рөл ойнайды», - деген. Сонымен бірге: «Ресей мен Қытайға қатысты ахуалға байланысты Қасым-Жомарт Тоқаевтың сараптамасы мен бағасы да біз үшін құнды», - деп жалғастырған.
Иә, қазан айының басында өткен жабық отырыста ЕО елшілері Ресей мұнайы мен газынан 2028 жылға қарай толық бас тарту жоспарын қолдағандарын Reuters агенттігі хабарлаған.
«Стубб мырза - әлемдік саясаттың жаңа жұлдызы. Шағын еуропалық мемлекеттің лидері, рас, қазір әлемдік ойыншылардың бірі. Оған АҚШ президенті Д. Трамп құлақ асады», - деп жазды BBC. Иә, Д. Трамп онымен тоқтамай 7 сағат гольф ойнағанын білеміз.
Жаздың соңында Еуропа лидерлерімен бірге Украина Президенті В. Зеленскиймен кездескенде де Стубб отырды.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы