ШҚО-да алғаш рет дәстүрлі садақ атудан телетурнир өтті
Шығыс Қазақстан облысында алғаш рет дәстүрлі садақ атудан телетурнир өтті. Ұлттық спортты жаңғыртуға бағытталған жарысқа 9-10 сынып аралығындағы 80-нен аса оқушы қатысты. Жастар арасындағы доданы облыстық «ALTAI» телеарнасы және садақ ату орталығы ұйымдастырды. Телетурнир аясында тақырыптық көрме ашылып, дәстүрлі спортқа қатысты кітаптар мен жәдігерлер көпшілікке ұсынылды. Сайыс қорытындысында Ұлан ауданынан келген Әли Бақытбек турнирдің жеңімпазы атанды.
Абдуләзиз Берікболұлы, жарысқа қатысушы:
Әрине жарыста қобалжу болады. Мысалы, мықты қарсыластар түскен кезде өзің өте қорқынышты сезімде боласың. Бірақ оны жеңуге тырысу керек. Себебі жеңбесең, орын жоқ, нәтиже жоқ. Жарыста жартылай финалда бәріміз тұрған кезде маған өте қиын болды. Қолым шынымен айтқанда дірілдеп тұрды. Бірақ екі оғым тиді. Соның арқасында үшінші орын алдым.
Автор
Олжас Керейхан
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Спортшылар 5 медаль жеңіп алды
25.09.2026, 20:35
Қайтарылған активтер есебінен 21 нысан бой көтерді
25.09.2026, 20:32
Алматыда жыл бойы жұмыс істейтін тау курорты ашылады
25.09.2026, 20:30
Жыл сайын 3 мыңнан аса автобус пен жүк көліктері құрастырылады
25.09.2026, 20:27
Жел электр станциясы салынады
25.09.2026, 20:24
Қазақстанның инвестициялық моделі өзгеріп келеді
25.09.2026, 20:22
Қазақстан мен Қытай арасындағы іскерлік байланыстардың жаңа бағыттары
25.09.2026, 20:18
Қазақстан-Қытай инвестициялық форумы
25.09.2026, 20:16