Президент Қызылордадағы бірқатар нысанды аралады
Мемлекет басшысы Қызылордаға жұмыс сапарымен барды. Президент ұшақтан түсе салысымен Қорқыт ата әуежайының жаңа терминалының жұмысын көрді. Сондай-ақ облыстың инвестициялық жобаларымен танысып, бірқатар маңызды нысанды аралады. Бұл туралы сыр өңірінде жүрген тілшіміз Нұрсұлтан Тілектес баяндауға дайын.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Президент ең алдымен Қорқыт ата әуежайының жаңа терминалын аралады. Бұл әуе айлағының өткізу мүмкіндігі 300 мың жолаушыдан 500 мыңға артып отыр. Жыл сайын 2 млн келіп-кетушіге қызмет көрсете алады. Бұдан кейін Мемлекет басшысына өңірдің инвест-жобалары таныстырылды. Президент былтыр ашылған 1000 орындық «Өнер орталығына» да барды. Құны 3,7 млрд теңге болған нысанда симфониялық, эстрадалық және ұлттық өнер бағытындағы концерттік бағдарламалар, шығармашылық кештер, түрлі форматтағы қоғамдық іс-шаралар өткізіледі. Президент облыс жұртшылығымен де кездесіп, аймақтың қарқынды дамып келе жатқанына тоқталды. Алдағы уақытта да ауқымды жұмыс атқарылатынын айтты.
Сондай-ақ Қасым-Жомант Тоқаев жуырда іске қосылған нан-тоқаш цехына да барды. Мұнда нанның 100 түрі, тоқаштың 15, макарон және кондитерлік өнімдердің 20 түрі дайындалады. Облыс халқының 20 пайызын ұн өнімдерімен қамтып отырған кәсіпорында бүгінде 120 адам жұмыс істейді. Мемлекеттен қолдау ретінде 5 гектар жер беріліп, 70 млн теңгеге қажетті инфрақұрылым жасалған.
Мемлекет басшысына Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде есеп берді. Осы және Мемлекет басшысы барған басқа да нысындар жайлы ақпараттың кешкі шығарылымында тарқатып айтамыз.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысына ЮНЕСКО Бас директорынан хат келіп түсті
16.12.2025, 17:58
Мемлекет басшысы Қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
16.12.2025, 17:57
Биыл 79 спорт нысаны пайдалануға берілді
16.12.2025, 17:26
Отпен арпалысқан өрт сөндіруші
16.12.2025, 17:24
Мәдениет саласына 14 жаңа қызметтік автокөлік табысталды
16.12.2025, 17:20
100% сапалы ауызсумен қамтылады
16.12.2025, 17:17
Кәсіпкерліктің көкжиегі кеңейіп келеді
16.12.2025, 17:14
Биыл Қарағанды облысында 25 инвестициялық жоба жүзеге асты
16.12.2025, 17:10