Қысқы Олимпиадаға 100 күн қалды
Италияда өтетін жиырма бесінші
Қысқы олимпиада ойындарының басталуына 100 күн қалды. Төрт жылдықтың басты
бәсекесінде 116 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Ұйымдастырушылар қазір жарыс
өтетін нысандарды тексеріп, дайындықты пысықтап жатыр. Жарыста Қазақстан
сапынан қанша спортшы қатысатыны әлі белгісіз. Өйткені лицензиялық бәсекелер 20
қаңтарға дейін жалғасады. Алдын ала болжам бойынша: биатлон, шорт-трек,
конькимен жүгіру, тау шаңғысы, шаңғы жарыстары, фристайл могул, фристайл
акробатика, шаңғымен тұғырдан секіру спортының өкілдері жолдама жеңіп алуы
мүмкін. Туризм және спорт министрлігі өкілдері дүбірлі додаға шамамен 40
спортшы барады деп болжап отыр. Әзірге ел қоржынында екі лицензия бар. Ол
мәнерлеп сырғанаушылар Михаил Шайдоров пен Софья Самоделкинаға тиесілі.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы