СҚО-да кәсіпкер туған ауылына балбақша мен мәдениет үйін салып берді
Солтүстік Қазақстан облысында кәсіпкер туған ауылына балбақша мен мәдениет үйін салып берді.Бір кездері 30 шақты үй қалған Дайындық ауылы жергілікті шаруа Біржан Шәймерденовтің еңбегінің арқасында жыл сайын көркейіп келеді. Жомарт жан республика күніне орай ауылдастарына мәдениет үйі мен балабақшаны тарту етті. Сонымен қатар, «Шаңырақ» ойын-сауық орталығын күрделі жөндеуден өткізді. Онда ересектерге арналған тегін би кештері мен балаларға үйірмелер ұйымдастыралады.
Әлфия Оспанова, ауыл тұрғыны:
Мен бұл ауылда 1972 жылдан бері тұрамын. Ол уақытта жол да жоқ, су да жоқ. Міне, енді рахатын көріп жатырмыз. Қала сияқты. Мәдениет үйіміз бар, барсақ, мешітіміз бар, моншамыз бар. Медициналық пунктіміз бар, қаладан да артық.
Қазір елді мекенде 90-ға жуық шаңырақ түтін түтетіп отыр. Олардың дені жергілікті шаруашылықта еңбек етеді. Ауылда орталықтандырылған су құбыры мен жылыту жүйесі бар. Тағы да жаңа үйлер салу жоспарланған.
Олжас Шәймерденов, шаруашылық директоры:
Осы үш жылдың ішінде 15 үй салынды. Жолы мен жарығын, бәрін өз қаражатымызға салып, іске қостық. Балабақша болған, алдында. Ол кішірек болды. Бала саны көбейіп келе жатқасын тағы да бір балабақша салуға ниет білдірдік.
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16