Басты Жаңалықтар Астанада ақылы автотұрақтың ақысы минутына есептелуі мүмкін

Астанада ақылы автотұрақтың ақысы минутына есептелуі мүмкін

Астанада ақылы автотұрақтың ақысы минутына есептелуі мүмкін. Енді жүргізушілер көлігін тұраққа қойған уақытына ғана төлем жасайды. Бұл өзгеріс қашан енеді? Көлік иелері не дейді?

Астанада ақылы автотұраққа төлем жүйесі өзгереді. Енді коммуналды тұрақтардың ақысы минутына есептелуі мүмкін.

Мәселен, мына бір ақылы тұраққа көлігіңізді 15 минутқа ғана қойдыңыз дейік. Дәл сол 15 минут үшін бір сағаттың құнын, яғни 100 теңге төлейсіз. Ал жаңа өзгеріс енсе, 15 минуттың ғана ақысы алынады. Мұны қадағалау үшін арнайы видеокамералар орнатылады. Олар көліктің кіріп-шыққан уақытын тіркейді.
Жаңа өзгеріске жүргізушілер не дейді?

Әрине, қолайлы. Енді 10 минутқа 10 теңге төлесең. Сондай өзгеріс келтірсе, болады. Неге болмасқа, біз де қуанышты боламыз. 

 Иә, негізі дұрыс шешім сияқты. 10 минут, 15 минуттың ақшасын төлеу. Бір 50-60 теңге болатын шығар ары кетсе.

Қала әкімдігінің мәліметінше, жоба дайын. Көше бойындағы ақылы тұрақтар үшін сағатына 100 теңге, ал шлагбаумы бар тұраққа сағатына 300 теңге көлемінде тариф қарастырылған.

Руслан Әбдуәлиев, Жол қозғалысын ұйымдастыру орталығының директор орынбасары:

Жүргізуші мобильді қосымша арқылы тұрақ сессиясын ашып, жапқан жағдайда минуттық тариф енгізу мәселесі қарастырылған. Тарифтік жүйе тұрақты түрде автокөліктің тұру уақытын және пайдаланушының санатына байланысты икемді түрде белгіленеді.

Ақылы тұрақтарға өзгерістер жеке меншік «Астана тұрақ кеңістігі» компаниясымен әріптестік шарт бұзылғаннан кейін енгізілмек.

Бөлісу