Қызылордада Республика күніне орай ауқымды жәрмеңке мен бәйгеден дүбірлі ат жарысы өтті
Қызылордада Республика күніне орай ауқымды жәрмеңке мен бәйгеден дүбірлі ат жарысы өтті. Тоқшылық мерекесінде ауыл еңбеккерлері қала тұрғындары үшін мың тоннадан астам азық-түлік, көкөніс әкелді. Қаланың сегіз мөлтек ауданында ауыл шаруашылығы өнімдері базар бағамынан 10-15 пайызға арзан сатылды. Қысқы азығын қамдаған жұртшылық жәрмеңкеде 150 тонна күріш, 300 тонна картоп пен 30 тонна ет алған. Мұнан бөлек Арал теңізінен әкелінген балық та тез өтіп кеткен. Қалтаға қонымды бағада керегін алған тұрғындар жергілікті шаруаларға дән риза.
Тоқшылық мерекесінен кейін шаһардағы атшабарда Республика күніне орай ат бәйгесі өтті. Сырдағы аламанға еліміздің 4 облысынан 70 сәйгүлік дүбірге қосылды. Ұлттық спортты тамашалап, делебесі қозған жанкүйерлер қиқулап шабандоздардың шабысына шабыт беріп, ерекше қолдау көрсетті. Ал түрлі қашықта топ жарып жүлде олжалаған тұлпарларға 13 миллион теңге қаржылай жүлде үлестірілді.Автор
Әділбек Серікұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ұлттық спорттағы ұлы жеңіс
12.09.2026, 20:17
Қазақ өнерінің жарқын жұлдыздарына құрмет көрсетілді
12.09.2026, 20:15
Алматыда «Ақбала» балетінің премьерасы өтті
12.09.2026, 20:13
Өнерлі әулет туындыларын ұлттық нақышпен ұштастырып отыр
12.09.2026, 20:11
Қызылордалық суретші шыныдан картина салады
12.09.2026, 20:09
Сауд Арабиясында негізгі мұнай құбыры жабылды
12.09.2026, 20:07
Ресейдің 20 өңірінде орман өрті дес бермей тұр
12.09.2026, 20:07
Түркістан облысында 1,16 млн гектар жер суарылды
12.09.2026, 20:06