«Каспий» футбол клубы Премьер-лигада
Ақтаулық «Каспий» футбол клубы араға 31 жыл салып, Қазақстан бірінші лигасының чемпионы атанды. Спорт маусымын сәтті аяқтап, Премьер-лигаға өткен футболшылардың құрметіне салтанатты шара ұйымдастырылды. Аймақ басшысы Нұрдәулет Қилыбай спортшыларға жетістіктері үшін алғыс айтып, сый-құрмет көрсетті.
Биыл «Каспий» футболшылары үшін жетістікке толы, сәтті жыл болды. «Каспий-Жастар» командасы мен қыздар құрамасы да жақсы ойын көрсеткен. Енді, міне, негізгі құрам 31 жыл үзілістен кейін Премьер-лигаға қайта оралды.
Нұрдәулет Қилыбай, Маңғыстау облысының әкімі:
Сол бюджет, сол тәртіп, сол талап. Бірақ дисциплина бар жерде, тәртіп бар жерде нәтиже көрсетуге болатынын өздеріңіз дәлелдедіңіздер. Премьер-лигада бірінші орын алған кезде мынадай залдың ішіне емес, стадионға жинау керек болады. Көрдіңіз бе, адам сыймай жатыр. Сол күнге жеткізсін.Биылғы маусымда «Каспий» клубы елдің бірінші лигасында жеңіске жетіп, Премьер-лигаға мерзімінен бұрын жолдама алды. Шешуші сәтте ақтаулық футболшылар қарағандылық «Шахтермен» ойнады. Матч 3:2 есебімен аяқталып, алаң иелері 65 ұпаймен көш бастады. «Ертіс» командасы 58 ұпаймен екінші орын алса, 50 ұпай жиған «Шахтер» үшінші орынға шықты.
Руслан Эсатов, «Каспий» ФК бас бапкері:
Бұл - клубтың инфрақұрылымын дамытып, жас таланттарды қолдауға бағытталған көпжылдық жүйелі жұмыстардың нәтижесі деп білеміз. Жетістігіміз бағаланып жатыр. Сенімді ақтауға тырысамыз.Айта кетейік, клубтың 2009-2010 жылы туған спортшы қыздары «Жұлдыз Лига ви Дивизион» чемпионатында үшінші орын иеленді. Сондай-ақ осы жылы құрылған «Каспий-Жастар» командасы Батыс конференциясының вице-чемпионы атанған.
Автор
Аягөз Оралбайқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Қазақстан көшпенділер ойындарында көш бастап тұр
05.09.2026, 20:09
Үш облыстың аумағымен әскери техника жүріп өтеді
05.09.2026, 20:09
Президент Қазақстан атынан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысушыларға жеңіс тіледі
05.09.2026, 20:08
Шетелдіктер Бельгияда қазақша үйреніп жүр
05.09.2026, 20:08
Ұлт ұстазының еңбектері Түркияда да зерттеліп жатыр
05.09.2026, 20:08
Курчатовта қуаты 700 МВт болатын электр стансасы салынады
05.09.2026, 20:07
Халықаралық әуе қатынасы 161 бағытқа дейін артты
05.09.2026, 20:06
Қайырымдылық күніне орай мұқтаж жандарға қолдау көрсетілді
05.09.2026, 20:04