«Қайрат» - «Пафос» ойыны алдындағы баспасөз мәслихатын өткізді
УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңі аясында ертең алматылықтар Орталық стадионда кипрлік «Пафосты» қабылдайды. Бұл - «Қайраттың» топтық кезеңдегі үшінші ойыны. Бүгін матч алдындағы баспасөз конференциясы өтті. Онда «Қайраттың» бас бапкері Рафаэль Уразбахтин чемпиондар лигасында оңай қарсылас жоқ екендігін айтып, «Пафосты» деңгейі төмен команда санайтындар қателесетіндерін жеткізді. Жалпы, спортшыларымыз алдағы ойынға дайын әрі тек жеңіске жетуді көздеп отыр деді Рафаэль Уразбахтин. Бұл ретте айта кетейік, «Пафостың» жалпы құны 26 миллион еуроға бағаланған. Бұл «Қайраттан» екі есе көп қаржы. Сондай-ақ «Пафос» қазіргі Кипр чемпионы және ұлттық кубок иегері.
Рафаэль Уразбахтин, «Қайрат» ФК бас бапкері:
Мен түсінбеймін, кей адамдар футболды мүлдем түсінбейтін сияқты. Қарсылас келеді, біз оларды 5:0 есебімен жеңеміз деп ойлау дұрыс емес. Біз соңғы он жылда бірінші рет Чемпиондар Лигасына іліктік. Мұнда ең мықты командалар және оңай қарсылас жоқ. Дегенмен біз дайынбыз, жеңіске жететін мүмкіндік әр кезде де бар.
«Қайраттың» бас бапкері қақпашы Темірлан Анарбековтың жарақатынан айығып, команда сапына оралғанын айтты. Бұдан бөлек, Шерхан Қалмырза да ойынға дайын. Қақпаны кім күзететіні ертең анықталады. Ал «Қайрат» - «Пафос» арасындағы матчтың билеттері сатылымға шыққан күні бағасы көпшіліктің наразылығын тудырған еді. Себебі бір билеттің құны 30 мың мен 250 мың теңге аралығында белгіленген. Бұған қатысты баспасөз мәслихатында жауап айтылмады. Алматы полициясы матч алдында қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, стадион маңайындағы бірнеше бағыттағы көлік қозғалысы шектелетінін мәлімдеді. Доп додасы ертең сағат 21:45-те басталады. Ойынды «Qazaqstan» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді.
Автор
Азамат Бейбітұлы
Сондай-ақ оқыңыз
БарлығыҚазақстанда жолаушылар тасымалының көлемі мен жүк айналымы ұлғайды
22.07.2026, 12:29
Психолог: Баланың интернетке тәуелділігін ерте анықтаған абзал
21.07.2026, 20:29
Құрылтай сайлауы – жаңа саяси кезең
21.07.2026, 20:27
Әскери оқу орындарына түсуді қалайтын жастар саны артып келеді
21.07.2026, 20:25
Әлеуметтанушы: Той өткізу мәдениетіне өзгеріс керек
21.07.2026, 20:19
Абай облысында қайтарылған активтер есебінен 27 нысан салынып жатыр
21.07.2026, 20:18
Ұлт ғылымының ұлы тұлғасы
21.07.2026, 20:17
Әскер туралы жалған ақпарат таратқан азамат сотталды
21.07.2026, 20:14