СҚО-да егін орағы аяқталуға жақын
Солтүстік Қазақстан облысында орақ науқаны аяқталуға жақын. 4,3 млн гектар алқапқа егілген дақылдардың 97 пайызы жиналды. 6 миллион тонна астық бастырылды, орташа өнімділік гектарынан 20 центнерден асып отыр. «Зенченко и К», «Вагулинское» сынды шаруашылықтар алдыңғы қатарда. Жоғары технология мен қуатты техниканың арқасында аталған серіктестіктер гектарынан 65 центнерден астық жинады. Ал майлы дақылдар өнімділігі 11,3 центнер.
Асхат Рамазанов, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары:
Соңғы жылдары саланы әртараптандыру бағытында ауқымды жұмыс жүргізілді. Нәтижесінде биыл майлы дақылдар алқабы 1 миллион гектарға жетті. Бұл – республика бойынша ең жоғары көрсеткіш.
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16