Басты Жаңалықтар Ауғанстан мен Пəкістан шекарасында атыс болды

Ауғанстан мен Пəкістан шекарасында атыс болды

Пəкістан мен Ауғанстан арасындағы «Чаман» шекара өткелі үшінші күн қатарынан жабық тұр. Бұған екі ел арасында сенбіде басталған əскери текетірес себеп. Екі тарап атысқа бірін-бірі айыптап отыр. «Талибан» үкіметі Пəкістан бейсенбіде базарды бомбалады деп мəлімдеді. Бұған жауап ретінде Пəкістанның бірнеше ауданындағы əскерилерге шабуыл жасағанын растады.

Ал Исламабад ауған жағынан себепсіз жауған оққа жауап бергенін мəлімдеді. Екі жақтан да қаза тапқандар бар. Пəкістан жағы 200-ден астам тəліпті өлтіргенін, ал Ауғанстан тарабы 58-ден астам пəкістандық сарбаздың көзін жойғанын мəлімдеді. Дегенмен бұл ақпарат əзірге расталған жоқ.

Пəкістан елде тыйым салынған «Техрик-е Талибан Пəкістан» тобы Ауғанстан жерінен əрекет етеді деп айыптады. Кабул болса, бұл ақпаратты жоққа шығарып келеді.


Бөлісу