Әлем жаңалықтарына шолу
Әлемде болып жатқан ең негізгі жаңалықтарды қысқаша шолып өтсек:
Газада соғысты тоқтату режимі күшіне енді
Мыңдаған палестиналық үйіне оралып жатыр. Израиль әскері Газа секторынан шығарыла бастады.
Жапонияда үкіметтік коалиция ыдырады
«Комэйто» партиясы басқарушы коалициядан шығатынын мәлімдеді. Қаржыландыру мәселесіне қатысты келіспеушіліктер туындаған. Партия өкілдері ел тарихында алғаш әйел премьер атануы мүмкін Санаэ Такаитидің кандидатурасына дауыс бермейтінін мәлімдеді.
Филиппин аралдарында қуаты 7,4 балдық зілзала болды
Алдын ала мәліметтерге сай, жер сілкінісінен 2 адам қаза тапқан. Осыдан екі апта бұрын елдің Себу аралын қуатты зілзала теңселткен еді.
Бейбітшілік бойынша Нобель сыйлығының иегері анықталды
Жүлде венесуэллалық оппозиционер Мария Корина Мачадоға берілді. АҚШ президенті Дональд Трамп та Бейбітшілік Нобелін алуға үмітті екені белгілі болған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
