МӘМС жүйесі қайта қаралды
Биыл 655 денсаулық сақтау нысанының құрылысы аяқталып, 1 млн ауыл тұрғыны алғашқы медициналық-санитариялық көмекпен қамтылады. Бүгін Үкіметте медицина мәселелері, оның ішінде МӘМС жүйесі қайта қаралды. Өзгерістерге сай, зейнетақы қорындағы артық ақша енді тіс емдеуге берілмейтін болды. Бірақ басқа ем-домға алуға мүмкіндік берілгені белгілі болды.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
30 қазаннан бастап азаматтар зейнетақы жинағы есебінен протон терапиясы бойынша ем-дом қабылдай алады. Бұл туралы бүгін Денсаулық сақтау министрі айтты. Ақмарал Әлназарованың зейнетақы есебінен тіс емдетуге салынған тыйым алынбайтынын, ал басқа қалған медицианалық қызметтер сол күйі қолжетімді болатынын жеткізді.
Ақмарал Әлназарова, ҚР Денсаулық Сақтау министрі:
Азаматтар радиохирургиялық емдеу, сирек созылмалы аурулар, реконструктивтік және қалпына келтіру операциялары сынды 7 бағыт бойынша зейнетақы қорындағы артық ақшаға емделе алады. Оған тағы протон терапиясы қосылып отыр.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Министрдің айтуынша, 2027 жылға қарай МӘМС денсаулық сақтау саласының негізгі қаржыландыру көзіне айналады. Бұл медициналық қызметтердің қолжетімділігін арттырды және медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайын жақсартуға тікелей әсер етеді.
Олжас Бектенов, ҚР Премьер-Министрі:
Балаларға, зейнеткерлерге, мүгедектер мен азаматтардың басқа да жеңілдікті санаттарына медициналық көмек көрсету тәртібі мен көлемі өзгеріссіз қалуы тиіс. Жаңа медициналық нысандардың ашылуы халықтың, әсіресе, ауыл тұрғындарының медициналық көмекке қолжетімділігі едәуір кеңейіп жатыр. Биыл биыл 655 денсаулық сақтау нысанының құрылысы аяқталып, 1 млн ауыл тұрғыны алғашқы медициналық-санитариялық көмекпен қамтылады.
Нұрсұлтан Тілектес, тілші:
Сондай-ақ жиында стационарлардың медициналық қызметтерге арналған тарифтері қайта қаралатыны айтылды. Яғни, ауруханаларда көрсетілетін медициналық қызметтердің бағасы өседі. Бұл тұрғындарға қатты әсер етпеуі мүмкін. Себебі мемлекеттен қосымша қаражат бөлінеді. Айта кету керек, биыл медициналық көмек көрсетуге мемлекеттік бюджеттен 3 триллион теңге бөлінді.
Автор
Нұрсұлтан Тілектес
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Психолог: Баланың интернетке тәуелділігін ерте анықтаған абзал
21.07.2026, 20:29
Құрылтай сайлауы – жаңа саяси кезең
21.07.2026, 20:27
Әскери оқу орындарына түсуді қалайтын жастар саны артып келеді
21.07.2026, 20:25
Әлеуметтанушы: Той өткізу мәдениетіне өзгеріс керек
21.07.2026, 20:19
Абай облысында қайтарылған активтер есебінен 27 нысан салынып жатыр
21.07.2026, 20:18
Ұлт ғылымының ұлы тұлғасы
21.07.2026, 20:17
Әскер туралы жалған ақпарат таратқан азамат сотталды
21.07.2026, 20:14
Телемедицина жүйесін дамыту жұмыстары жалғасып жатыр
21.07.2026, 20:11