Басты Жаңалықтар Газадағы соғысты тоқтату туралы келіссөздер басталды

Газадағы соғысты тоқтату туралы келіссөздер басталды

Шарм әл-Шейхте Израиль мен Хамас өкілдері арасында келіссөздердің бірінші күні аяқталды. Мақсат – Газа секторында соғысты тоқтатуға бағытталған АҚШ-тың бейбіт жоспарын жүзеге асыру. Екі жылдық қақтығыста тараптар алғаш рет келісімге келуге жақын. Алайда бұл процесс оңайға соқпауы әрі ұзаққа созылуы мүмкін. Трамптың бейбіт жоспарын Израиль толықтай, ал Хамас жартылай қолдады. Жоспарға сай, атысты тоқтату туралы келісім күшіне енгеннен кейін 72 сағатта кепілдегілер босатылуы тиіс. Хамастың кепіліндегі 48 израильдіктің 20-сы ғана дін аман болуы мүмкін. Трамптың жоспарындағы басты пункт – Хамастың қару тастауы. Алайда палестиналық топ бұл мәселеге қатысты ешқандай мәлімдеме жасаған жоқ. Бұл оның қарусыздануға қарсы позициясы өзгерген жоқ дегенді білдіруі мүмкін.      


Бөлісу