МӘМС есебімен дәрігерлердің айлығы өсті
МӘМС-тің арқасында дәрігерлердің жалақысы 2,8 есе өсіп, 442 мың теңгеге жетті. Сондай-ақ медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасы едәуір жақсарды. Бұл ең алдымен саланы қаржыландырудың ұлғаюымен тікелей байланысты, - деді Үкімет отырысына қатысқан Денсаулық сақтау министрі.
Ақмарал
Әлназарованың сөзінше, соңғы жылдары бір адамға
арналған медициналық шығын 98 мың теңгеден 258 мың теңгеге, яғни 2,6 есеге
артқан. Бұл денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаражаттың едәуір көбейгенін
көрсетеді. Ведомство басшысы жүйенің басты жетістіктерінің бірі «табысты
адамның осал топқа жәрдемі» қағидасының іске асырылуы дейді. Бұл әлеуметтік
әділеттілікті қамтамасыз етіп, азаматтардың барлығына бірдей медициналық қызмет
алуға мүмкіндік берді. Ресми мәліметтерге сүйенсек, әлеуметтік медициналық
сақтандыру қоры 2025 жылы медициналық ұйымдарға 1,6 трлн теңге төлеген.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
