Басты Жаңалықтар Олжас Бектенов: Alatau City-ді үкіметке тікелей бағынышты ету мүмкін емес

Олжас Бектенов: Alatau City-ді үкіметке тікелей бағынышты ету мүмкін емес

Alatau City қаласын Үкіметке тікелей бағынышты ету мүмкін емес. Премьер-министр Олжас Бектеновтың сөзінше, қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаһар Үкіметке тікелей бағына алмайды. Осыған байланысты Жарлықтың шеңберінде стратегиялық шешімдер қабылдайтын Alatau City-дің дамыту мәселесі бойынша кеңес және операциялық қызметке жауапты «Alatau City Authority» мемлекеттік қорын құру көзделген. Дегенмен болашақта Алатау қаласының арнайы мәртебесі бойынша заң актісін әзірлеу жоспарланған. Үкімет басшысының айтуынша, бұл шара цифрлық актив айналымын реттеу, халықаралық стандарттар бойынша құрылыс жүргізу, технологиялық инновацияларды, жасанды интеллектіні енгізу мәселелерін қамтып, «Alatau» арнайы экономикалық аймағының қызметін реттеуі керек. Қазір қала құрылғалы мемлекет мұқтаждығы үшін 593 гектарға жуық жер учаскесі алынған. Жыл соңына дейін тағы 2 мың 400 гектар аумақты қайтару көзделген. Айта кетсек, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Жолдауында Алатау қаласын Үкіметке тікелей бағынатындай мәртебе беруді тапсырған.


Бөлісу