СҚО-да 3 мыңнан астам үй құсы қырылып қалды
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданындағы Бугровое ауылында 3 мыңнан астам үй құсы қырылып қалды.
Сараптама оған пастереллёз ауруы себеп болғанын көрсеткен. Алдын ала болжам бойынша инфекция жабайы қанаттылардан таралған болуы мүмкін. Шығын болған құстың дені қаз бен тауық. Өлекселер арнайы орында жойылды. Аудандық ветеринарлық станция өкілдері жақын күндері елді мекенде дезинфекциялық шаралар жүргізілетінін атап өтті.
Ербол Багенов, СҚО Қызылжар ауданы ветеринарлық станциясының директоры:
Ветеринарлық лабараторияға сараптамалар жіберген құс тұмауынан барлығынан теріс нәтиже алынды. Бүгін таңертең сағат 5-те ветеринарлық станцияның машинасы тағы да Астанаға әкетті, тағы да тексеруге. Үкімет қаулысына сәйкес, аса қауіпті аурулардың қаратына пастереллёз жатпайды. Өтемақы қарастырылмаған.
Қазақстанда пастереллёзге қарсы вакцина салынбайды. Мамандардың айтуынша, инфекция мал мен адамға жұғуы мүмкін. Әзірге мұндай деректер тіркелген жоқ. Шығынға ұшыраған тұрғындар сараптама қорытындысымен келіспейтінін айтып отыр.
Ақылбай мақжан, ауыл тұрғыны:
5 мың бас құс алғанбыз, қырылып жатыр. Менің ойымша, симптомдары құс тұмауына ұқсайды. Ал пастереллёз дегенге сенбей тұрмын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
