Астанада мүмкіндігі шектеулі балалар қойылым қойды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Астанада мүмкіндігі шектеулі балалар қойылым қойды

04.12.2018

Астанада көрермендер назарына ерекше қойылым ұсынылды. Өйткені, сахнада барлық рөлдерді даму ерекшелігі бар балалар сомдайды. Бұл - «Кит» инклюзивті театрының екінші спектаклі. Былтыр олар «Джунгли кітабын» сахналауға тырысса, биыл «Ханшайым мен құбыжық» атты әлемге танымал ертегіні қойып отыр. Ұжым құрамында мүмкіндігі шектеулі 30-ға жуық жасөспірім бар. Оларға студенттер мен жастардан құралған еріктілер көмектеседі. Ұйымдастырушылар өнер арқылы сырқатпен күресіп жүрген балаларға үлкен қолдау көрсетуді мақсат тұтады. Осылайша, балалар бойындағы қабілеттерін дамытып, қатарластарымен араласып, қоғаммен байланысын бекемдей түседі. 

Айдана Төребекова, ерікті:  

- Көбінесе аутизм, Даун синдромы секілді диагнозы бар жасөспірімдер. Бірақ, олардың театрға қабілеттері бар. Біз, еріктілер, жасөспірімдердің сондай қабілеттерін арттыруға немесе оятуға көмектесеміз.

Сабина Исмаилова, жоба жетекшісі:

- Бұл жобаның маңызы – достар табу. Екіншіден, олар өз таланттарын шыңдайды.

Шерхан ЖАМБЫЛҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу