СҚО ауыл шаруашылығы цифрлық жүйеге көшуде
Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданындағы шаруашылықтардың бірінде әр малдың цифрлық жеке құжаты бар.
Арнайы бағдарлама арқылы ірі-қараның денсаулығы, қанша сүт беретіні, неше рет төлдегені сынды барлық ақпаратты көруге болады. Шаруашылық басшылығының айтуынша бірыңғай жүйе шығынды азайтып, малдың өнімділігін арттыруға мүмкіндік беріп отыр.
Марат Мұхамеджанов, оператор:
Сиырларға бақылау құрылғылары тағылады. Ақпараттың барлығы ортақ платформада жинақталады. Бағдарлама әр малдың тәулігіне қанша сүт бергенін, қай уақыттан бері қандай аурумен ауырып жүргенін, оған қандай дәрі-дәрмек, ем-шараларын тағайындау қажеттігін де көрсетіп береді.
Облыста 110 сүт фермасы бар. Малдың дені асыл тұқымды. Ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметінше, соңғы 4 жылда өндірілген сүт көлемі 40 пайызға артты.
Автор
Эльмира Кәленова
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
28 қазанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
20.10.2026, 21:29
Павлодарда көпір құрылысының 90% аяқталды
20.10.2026, 20:33
Диас Кенжебек Азия рекордын жаңартты
20.10.2026, 20:27
500 жас бір мезетте Әнұран орындады
20.10.2026, 20:20
Балалар байқауына дауыс беруді сұраған алаяқтар көбейді
20.10.2026, 20:19
Ауыл шаруашылығындағы өнім көлемі 9,8 трлн теңгеге жетті
20.10.2026, 20:17
Астанада 8 оқушылар сарайы жұмыс істеп тұр
20.10.2026, 20:16
Франция: Миграция және интеграция сынағы
20.10.2026, 20:16