Президент БАӘ ЖИ мәселелері жөніндегі мемлекеттік министрімен кездесті
Alem.АІ орталығы, Дуров зертханасы: Қазақстан жасанды интеллектіні қалай дамытады? Мемлекет басшысы Digital Bridge форумында бірқатар маңызды кездесу өткізді. Президент БАӘ Жасанды интеллект министрі, Стэнфорд университетінің профессоры, Telegram мессенджерінің және Binance компаниясының негізін қалаушыларды қабылдады.
Мемлекет басшысы алдымен БАӘ Жасанды интеллект министрі Омар Әл-Олама және Абу Даби Денсаулық сақтау департаментінің төрағасы Мансур Әл-Мансуримен кездесті. Тараптар Қазақстан мен Әмірліктер арасында жасанды интеллект саласындағы ынтымақты кеңейту жолдарын талқылады. БАӘ жасанды интеллект технологиясын қолдану және дамыту ісінде әлемдік көшбасшы. Жаңа университет ашқалы жатқан Қазақстанға олардың тәжірибесі керек-ақ.
Президент Стэнфорд университетінің профессорын қабылдады
Президент сонымен қатар Стэнфорд университетінің профессоры Илья Стребулаевты қабылдап, венчурлық инвестиция тарту, сондай-ақ жасанды интеллект саласындағы Қазақстанның стартаптарын дамыту әлеуетін талқылады. Мемлекет басшысы, еліміз венчурлық инвестиция тарту көлемі бойынша аймақта көшбасшы екенін атап өтті. Кездесу соңында Илья Стребулаев Қасым-Жомарт Тоқаевқа өзінің қазақ тілінде жарық көрген кітабын сыйға тартты.
Илья Стребулаев, Стэнфорд университетінің профессоры:
Қазақстанда соңғы уақытта біршама оң өзгеріс болды. Мәселен венчурлық капиталдық қор құрылды. Бұл өте ұтымды шешім. Әлемнің түрлі елдеріне , өңірлерге венчурлық капитал тарту керек, әсіресе Қазақстанға. Бұл жоспарды іске асыруда осындай «Digital Bridge» форумы сынды шаралардың маңызы зор. Қазіргі әлемге танымал 10 комапияның жетеуі осыдан 10 жыл бұрын болмаған. Сондықтан венчурлық капиталды дамытып, өздеріңіздің «Гуглыңызды» «Теслаңызды» жасап шығыңыздар. Ол үшін барлық мүмкіндік бар.
Павел Дуров Қазақстанда ЖИ зертханасын ашады
Қасым-Жомарт Тоқаев Telegram мессенджерінің негізін қалаушы Павел Дуровпен те кездесті. Әңгімелесу барысында білім беру, жасанды инттелект және киберқауіпсіздік салаларындағы ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Жиында Дуров Қазақстанда ЖИ-зертханасы ашылғанын мәлімдеді.
Павел Дуров, Telegram мессенджерінің негізін қалаушы:
Бүгін біз Alem.АІ ғимаратында жасанды интеллект саласындағы арнайы зертхананы ашатынымызды қуана хабарлаймын. Ең алдымен, біз Telegram және Қазақстанның суперкомпьютерлік кластері арасындағы бірлескен жобаны жүзеге асырып отырмыз, жоба Жасанды интеллект министрлігімен қолға алынды. Бұл технология миллиардтан астам адамға жасанды интеллект функцияларын құпия түрде, ашық және тиімді түрде пайдалануға мүмкіндік береді. Біз Қазақстанның суперкомпьютерлік кластері осы желі үшін есептеу қуаттарының алғашқы ірі жеткізушісі болады деп үміттенеміз.
Президент Binance компаниясының негізін қалаушымен кездесті
Ал Binance компаниясының негізін қалаушы Чанпэн Чжаомен кездескен Президент, әлемдік криптовалюта индустриясы мен қаржы технологиясының экожүйесін қалыптастыруға қосқан үлесін жоғары бағалады. Оның 2022 жылы Қазақстанға жасаған сапарының қорытындысы бойынша Binance Lab базасында криптоиндустрияның өңірлік хабын ашу жөніндегі меморандумға қол қойылды. Сол сәттен бері елімізде блокчейн және криптотехнология салаларында көптеген перспективті жобалар мен бастамалар іске асырылып келеді.
Президент Sinovation Ventures және 01.ai компанияларының бас директорын қабылдады
Мемлекет басшысы Sinovation Ventures компаниясының бас директоры Ли Кай Фумен де кездесті. Тараптар жасанды интеллект, цифрлық трансформация, инвестиция және стартаптар саласындағы ынтымақтастықты талқылады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
