Жас ақын Мақпал Мысаның «Шоған абыз» атты жыр жинағы жарық көрді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Жас ақын Мақпал Мысаның «Шоған абыз» атты жыр жинағы жарық көрді

03.12.2018

Туындының тұсаукесері Алматыдағы Ықылас Дүкенұлы атындағы халық музыкалық аспаптары музейінде өтті.

Оған зиялы қауым өкілдері мен өнерпаздар қатысты. Еңбекте Есім ханның тұсында өмір сүрген «Шоған абыз» туралы баяндалған. Бұған дейін «Шоған абыздың» ел ісіндегі өзекті мәселелерге араласқаны ара-тұра айтылғанымен, ол туралы ауқымды көркем шығарма жазылмаған еді. Енді қалың оқырман осы дастаннан тарихи тұлғаның ғұмыры туралы оқып біле алады. Қаламгердің бұл туындысы «Алтын тобылғы» әдеби сыйлығының бас жүлдесін жеңіп алған. Тарихи тұлғаның болмысын бейнелейтін дастан түрік, орыс, ағылшын тілдеріне аударылған. «Сондықтан, бұл - ұлт тарихын әлемге таныту бағытындағы сүбелі еңбек»,- дейді әдебиет сыншылары.

Мақпал  Мыса, ақын:

- «Шоған абыз» дастаны бес бөлімнен тұрады. Кезінде осыдан 500 жыл бұрын өмір сүрген Есім хан мен Тәуке хан тұсында өмір сүрген, халық арасындағы дауларды шешкен, көпке үлгі болған және көптеген жайттарға төрелік еткен, алыс  кеткен ағайындарды ортаға алып келіп, қазақтардың қамын ойлаған тұлға туралы дастан.

Нұрлан АСҚАРҰЛЫ

«YouTube»-тағы «Qazaqstan TV» арнасына жазылып, AppStore және Google Play сервистерінен «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасын тегін жүктеп алыңыз.

Хабарламаларға жазылу