Басты Жаңалықтар Бурабайда ТМД сайлау органдарының басшылары бас қосты

Бурабайда ТМД сайлау органдарының басшылары бас қосты

Бурабайда ТМД-ның сайлау органдарының басшылары Консультативтік кеңестің VI отырысында бас қосты. Екі күнге жоспарланған кездесулер электоралдық саладағы тәжірибе алмасуға бағытталды.

Биыл Қазақстанның Орталық сайлау комиссиясы Консультативтік кеңеске төрағалалық етеді. Отырыста қазақстандық тарап сайлау процесінің барлық қатысушысының, әсіресе жастардың арасында сайлау мәдениетін қалыптастыру және дамыту мәселесін талқылауға арнауды ұсынды. Кездесуде әр мемлекет өз еліндегі сайлау барысындағы тәжірибелерімен бөлісіп, электоралдық салаға енгізілген жаңашылдықтарын ортаға салды. Бұл бағытта Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан мен Өзбекстанның орталық сайлау органдары ақпараттық материалдарын ұсынды.

Нұрлан Әбідров, ҚР ОСК төрағасы:

Консультативтің кеңестің басты мақсаты – осы кеңеске мүше мемлекеттердің сайлау жүйесіндегі білімін, тәжірибесін заңын, оның ішінде оның ерекшеліктерін және әрбір мемлекетте өзінің тәжірибесінде кездескен олқылықтар, проблемаларды ортаға салып, пысықтау және осы нәрселердің ашық ниетпен әр мемлекет өкілі ортаға салды.

Зайниддин Низамходжаев, Өзбекстан ОСК төрағасы:

Консультативтік кеңестің отырысы өте мазмұнды өтіп жатыр. Біз тек тәжірибе алмасып қана қоймай, электоралды кезеңде кездесетін проблемалық мәселелерді тақыладық. Сайлау науқанына цифрлық технологияларды енгізу мәселесі бүгінде өзекті. Себебі біз өзіміздің сайлаушыларымызға қашықтан дауыс беру сияқты тиімді мүмкіндіктер жасауымыз керек.


Бөлісу