skills.enbek.kz кәсіптік оқыту платформасы қарқынды дамып келеді
Елімізде skills.enbek.kz кәсіптік оқыту платформасы қарқынды
дамып келеді. Мұнда кез келген адам тегін немесе қол жетімді бағамен жаңа
мамандықтарды үйрене алады. Жыл басынан бері 297,4 мың азамат
онлайн курстардан өткен. 47,5 мың жұмыссыздар. Қазіргі таңда
платформада мыңнан астам курс болса, оның 340-ы тегін. Сонымен қатар
кәсіпорындардың сұранысы бойынша білім алатын студенттердің саны соңғы үш жылда
үш есеге көбейген. Жыл соңына дейін
олардың қатары 45 мыңға жетпек. Платформа 11-сынып оқушыларына да жаңа
мүмкіндік береді. Түлектер енді тек аттестат емес, сонымен қатар техникалық
диплом алып шыға алады. Бұл бастама қазақстандықтарға жаңа білім мен тұрақты
жұмысқа жол ашады дейді мамандар.
Автор
Дамир Нұрмұхамет
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ақмолалық шаруалар «Starlink»-ке қосылып жатыр
29.10.2026, 13:15
Түркістан облысында мақта өңдейтін 2 зауыт іске қосылған
29.10.2026, 13:14
Сарапшы: Экономикалық әлеует артады
29.10.2026, 13:12
Транскаспий дәлізін дамыту – стратегиялық қадам
29.10.2026, 13:10
Теміржол апатынан қаза тапқандар 68-ге жетті
29.10.2026, 13:08
Президенттік сайлауда жеңілген Болсонару отбасымен АҚШ-қа кетіп қалды
29.10.2026, 13:07
Қазақстан Еуразиялық тұрақтандыру және даму қорына өтінім жолдады
29.10.2026, 13:05
Логистикалық инфрақұрылым – экономиканың қозғаушы күші
29.10.2026, 13:03